$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

Отандастар қорына президент тағайындалды

Дәуренбек Ырысқали «Отандастар қоры» КеАҚ президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Дәуренбек Рақымұлы Ырысқали 1963 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Алматы шет тілдері педагогикалық институтын тәмамдады.

Дипломатиялық мансабын 1993 жылы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық басқармасының референті лауазымынан бастаған.

Әр жылдары ҚР СІМ Орталық аппаратында, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Германия мен Швейцариядағы шетелдік мекемелерінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.

  • 2020-2021 жылдары Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы (Ресей Федерациясы) Бас консулы лауазымын атқарды.
  • 2021-2024 жылдары Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінің Бонн қаласындағы бөлімшесінің кеңесші-уәкілі қызметін атқарған.
Back to top button