Израиль Газаға шабуылдай бастады
Израиль әскери қызметкерлері Газаны толық бақылауға алу мақсатында жоспарланған құрлықтық шабуылға дайындық басталғанын және қала шетін бақылауға алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы BBC-ге сілтеме жасап.
Израиль қорғаныс армиясының өкілі әскерилердің Зейтун мен Джабалия аудандарында әрекет етіп жатқанын, бұл шабуылды бұған дейін қорғаныс министрі Исраэль Кац мақұлдағанын айтты.
«Гидеонның күймелері II» деп аталған операцияға ондаған мың резервист шақырылмақ.
ХАМАС өкілдері Израильдің бұл жоспарын «бейкүнә бейбіт тұрғындарға қарсы қатігез соғыстың жалғасы» деп атады.
Күтіліп отырғандай, Газа қаласындағы жүздеген мың палестиналыққа эвакуацияланып, сектордың оңтүстігіндегі паналау орындарына бару туралы бұйрық беріледі.
Батыс елдері бұл жоспарды айыптады. Франция президенті Эммануэль Макрон Газаны шабуыл «екі халық үшін де тек апатқа әкелетінін және бүкіл аймақты тұрақсыз соғыстар цикліне ұрындыруы мүмкін» деді.
Халықаралық Қызыл Крест комитеті болса, халықты күштеп көшіру мен ұрыстардың күшеюі Газадағы жағдайды одан әрі ауырлатып, қазірдің өзінде апатты деңгейге жеткен гуманитарлық ахуалды ушықтыратынын мәлімдеді.
Израиль билігі ХАМАС-пен оқ атуды тоқтату және 2023 жылғы қазан айында содырлардың шабуылы кезінде ұсталған тұтқындарды босату жөніндегі жанама келіссөздердің нәтижесіз аяқталғанынан кейін, бүкіл Газаны бақылауға алу ниетін жария етті.
«Біз террористік инфрақұрылымға жер үстінде де, жер астында да әлдеқайда қатты соққы береміз», — деді Израиль қорғаныс армиясының бригадалық генералы Эффи Дефрин.
«Біз алдын ала әрекеттерді бастадық, ал қазірдің өзінде ЦАХАЛ әскері Газа қаласының шеткі бөлігін бақылауға алды», — деп қосты ол.
Оның айтуынша, бейбіт тұрғындар зардабын азайту үшін Газаның халқы алдын ала эвакуация қажеттігі туралы ескертіледі.
ХАМАС бақылауындағы Газа Азаматтық қорғаныс агенттігінің өкілі AFP агенттігіне Зейтун мен Сабра аудандарындағы жағдайдың ауыр екенін хабарлаған.
Агенттіктің мәліметінше, сәрсенбі күні Израиль әуе соққылары салдарынан 25 адам қаза тапқан, олардың арасында үш бала бар.