$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

Қар, көктайғақ және бұрқасын: Қазақстанда 6-8 қазанда ауа райы қандай болады

6-8 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, кей өңірлерде қар, көктайғақ және бұрқасын күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі. Сонымен қатар бірқатар өңірде ауа температурасы жоғарылайды, деп хабарлайды Tizgin.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қай өңірлерде қар жауады

Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронттардың әсерінен елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Көктайғақ, бұрқасын және екпінді жел болжанады. Өзге өңірлерде де жаңбыр жауып, республика бойынша жел күшейеді. Түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.

Ауа температурасы қалай өзгереді

Батыста ауа температурасы түнде +2…+12 градусқа, күндіз +17…+22 градусқа дейін жоғарылайды.

Солтүстік-батыста және солтүстікте түнгі температура −6…−1 градустан +3…+13 градусқа дейін көтеріледі. Күндіз ауа температурасы 0…+5 градустан +5…+20 градусқа дейін жоғарылайды.

Шығыста және орталықта түнде негізінен 0…+7 градус, күндіз +2…+15 градус болады.

Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнгі температура +2…+8 градустан +5…+10 градусқа, күндіз +12…+17 градустан +17…+22 градусқа дейін көтеріледі.

Осы өңірлердің таулы аудандарында түнде бастапқыда 1–3 градус аяз болып, кейін температура 0…+5 градусқа дейін жоғарылайды. Күндіз +4…+9 градустан +9…+14 градусқа дейін жылынады.

Back to top button