$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
TOP-1Жаңалықтар

Қазақстанда Бас штаб бастығы мен Арнаулы мақсаттағы күштердің қолбасшысы тағайындалды

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрлігі мен Мемлекеттік күзет қызметінде кадрлық тағайындаулар жасады. Қарулы күштердің Бас штабын Айтқұрман Омарбеков басқаратын болды. Ал Мемлекеттік күзет қызметінің Арнаулы мақсаттағы күштерінің қолбасшысы болып Азамат Хасенов тағайындалды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Омарбеков Бас штабты басқарады

Президенттің өкімімен Айтқұрман Жоламанұлы Омарбеков Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы лауазымына тағайындалды.

Осыған байланысты ол бұрын атқарған қызметінен босатылды.

Хасенов Арнаулы мақсаттағы күштердің қолбасшысы болды

Мемлекет басшысының тағы бір өкімімен Азамат Бақытжанұлы Хасенов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Арнаулы мақсаттағы күштердің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

Back to top button