$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

“Үйленуге уақыт жоқ”: Төрехан Сабырхан спорттағы жоспарын айтты (Видео)

Азия ойындарынан алтын медаль алған боксшы Төрехан Сабырхан желіде тікелей эфирде отырып, спорттағы жоспарын туралы айтты. Жанкүйерлерінің жеке басына қатысты қойған сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Тиктоктағы тікелей эфирде боксшыға ең көп қойылған сұрақтың бірі – “қызың бар ма?” деген сауал болған. Төрехан қызы жоқ екенін, ешкіммен жүрмейтінін, тіпті үйленуге уақыты жоқ екенін айтты.

Ал Азия ойындарының финалында “алтын алу үшін емес, тек есе қайтару үшін барын салғанын” жеткізді.

Кәсіпқой боксқа ауысасың ба деген сұраққа боксшы былай жауап берді.

“Азия ойындарының алтынын алдық. Енді Олимпиада чемпионы болғым келеді. Одан кейін бір күні мені Америкада бокстасып жүргенімді көресіздер”, – деді ол.

Азия ойындарының чемпионы

Бокстан ұлттық құрама мүшесі Төрехан Сабырхан Жапонияда өткен Азия ойындарының чемпионы атанған еді. Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақтың финалында Иордания өкілі Зеяд Ишаишпен кездесті. Шиеленісті өткен кездесуде Төрехан төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен 5:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Жалпы Қазақстан командасы Азия ойындарындағы өнерін 12 алтын, 24 күміс және 48 қола медальмен аяқтап, жалпыкомандалық есепте 8-ші орынға тұрақтады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Tizgin.kz (@tizginkz)

Back to top button