ЕрекшеОқиға

«Президентке дейін барамыз»: жалғыз ұлынан айырылған әке-шеше сот үкімімен келіспейді

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Ақжігіт ауылында 11-ші сыныпты биыл бітіргелі отырған Сағындық Құрмания биыл сәуірде кісі қолынан жан тапсырған. Оны өлтірді деген айыппен өз ауылдасы — жасы үлкен бір адам сотталған еді. Алайда Сағындықтың әке-шешесі “ол жерде алты адам болған, олар да сотталуы керек еді” деп, үкіммен келіспей, президентке дейін шағымданғалы отыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Сағындықтың анасы мен әкесінің айтуынша, төбелеске алты бала қатысқан. Соның ішінде біреуі ғана 10 жылға сотталған.

“Бұл қылмысты үш бала ұйымдастырған. Тергеушінің өрескел тергеу жұмыстарын жүргізді. Ішінде біреуі ғана сотталды. Қалған балалар тасада қалып қойды”, – дейді Сағындықтың анасы Айтбике Дербісова.

Дербісова бұған дейін Tizgin.kz тілшісіне не үшін тергеу жұмысына наразы екенін айтқан. 

“Сот процесі кезінде қарсы жақтың адвокаттары тергеу кезіндегі үзіндіні көрсетті. Ол мезгілде Ж-ға (сотталған) тергеуші айтатын сөзді жазып берген. Соны ғана оқып тұр сотта. Тергеу кезінде оған қысым көрсетілген. Соны өзі мойындап, сотта айтты”, – дейді Айтбике Дербісова.

Сағындықтың әке-шешесі жауапкершілікке тартылмаған қалған балалар да сотталуы керек деп есептейді.

“Бәрі әділ жаза алуы керек. Депутаттарға, Жорарғы сотқа, президентке дейін барамыз! Біздің енді жұмысымыз сол! Әділ жаза алғанша солай етеміз. Қазақстанда әділ заң болады деп ойлаймыз, заңға сенеміз”, – дейді Сағындықтың әкесі.

ОҚИҒА ЖАЙЛЫ

Сағындықтың анасы Айтбике Дербісованың айтуынша, қылмыс биыл сәуірдің 8-нен 9-на қараған түні болған. Сөзінше, Сағындық пен оның сыныптастарын ауылдың үлкен жігіттері шақырып алып, «қораны неге дұрыс тазаламайсыңдар? Тыңдамайсыңдар» деп ұра бастаған. Соққының бірі Сағындыққа тиген кезде ол сол жерге сұлап түсіп, талып қалған. Жас балалар алғашқы медициналық көмекті жасауға тырысқан кезде оны құтқара алмапты.

Резонансты іс бойынша қазірге дейін Маңғыстау ауданында бірнеше сот отырысы өткен. Айтбике Дербісова сотқа дейінгі тексеру барысында құқық қорғау органдары істі дұрыс жүргізбеген деп есептейді. Көз жұмған баланың әке-шешесі бір ғана сотталушының сотталғанына наразы. Айтбике баласын өлтіруге жол беріп, сол жерде қарап тұрғандардың бәрін де жазаға тарту керек деп есептейді. Олардың қылмысты хабарламағанына назар аудартады.

Сағындықты өлтірді деген айыппен өз ауылдасы — жасы үлкен бір адам сотталушы ретінде танылған. Бүгін сот үкімімен ол 10 жылға сотталған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Tizgin.kz (@tizginkz)

Back to top button