$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

Маңғыстауда аман қалған үш сарбаздың бірі Никита Удалов әскери борышын өтеп болды

Никита Удалов бір жыл әскери қызметін аяқтаған сәттерінің фото-видеоларын әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Никита Удалов – Маңғыстауда 14 сарбаз қаза болған кезде аман қалған .үш сарбаздың бірі. Ол “Ерен ерлігі” үшін марапатталған.

Каспийдегі трагедия

24 қыркүйек күні Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде тоғыз әскери қызметші қаза тапқаны белгілі болған еді. Кейін құрбан болғандар саны одан да көбейді. Осы оқиғадан кейін Мемлекет басшысының өкімімен 2026 жылғы 25 қыркүйек Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Аталған оқиға бойынша тергеу екі баппен жүргізіліп жатыр.

Бас прокуратура іс бойынша күдікті лауазымды адамдар анықталғанын хабарлады. 25 күні таңертең соңғы екі әскери қызметкердің денесі табылды.

Осы оқиғадан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі ахуалды кешенді тексеру жөніндегі комиссия құрды. 

Back to top button