$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

«Біз халықтан ақша жинап жатқан жоқпыз»: Каспийде қаза тапқан сарбаздың ағасы үн қатты

Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан Алмас Көбеновтың отбасы халықтан қаражат жинауды сұрамағанын мәлімдеді. Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаевтың айтуынша, жергілікті блогерлердің бірі сарбаздың әкесінің атынан ақша жиналын жатқанын жариялап, оның телефон нөмірін көрсеткен, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Азамат Сәрсенбаев өзіне Алмастың ата-анасы мен жақындары хабарласқанын жазды. Блогердің айтуынша, ұлынан айырылып, ауыр қайғыны бастан өткеріп отырған отбасы қаражат жинау туралы жарияланымнан кейін жұрт алдында өзін кінәлі сезініп, ыңғайсыз жағдайда қалған. Ол жарияланған хабарламада қаражат жинауды ұйымдастыруды Алмастың әкесі өзі сұрағандай етіп көрсетілгенін айтты. Сәрсенбаев қазір басты назар мемлекеттің қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары алдындағы міндеттемелерін орындауына аударылуы керек деп есептейді.

«Достар, мен әуел бастан айтып келем, қазір де айтамын: ақша жинаудың қажеті жоқ. Қазір ең бастысы – мемлекеттің осы адамдар алдындағы міндеттемелерін толық орындауын күту. Осындай қасірет кезінде «манипуляция жасап», өздеріңізді «дұрыс», шындықты бетке айтатын адам етіп көрсетудің қажеті жоқ… Жетеді», – деп жазды Азамат Сәрсенбаев.

Алмас Көбеновтың туыстары да отбасының халықтан ақша сұрамағанын айтып, қайғысына ортақтасқан жұртқа алғыс білдірді.

«Біз халықтан ақша сұрап жатқан жоқпыз. Тілекші болып, көңіл айтып жатқан халыққа рақмет! Халық қайғырғанға қайғырды, бәрі сау болсын!» – деді ол.

Алмас Көбенов – Каспийдегі қайғылы оқиғада қаза тапқан әскери қызметшілердің бірі.

Каспийдегі трагедия

24 қыркүйек күні Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде тоғыз әскери қызметші қаза тапқаны белгілі болған еді. Кейін құрбан болғандар саны одан да көбейді. Осы оқиғадан кейін Мемлекет басшысының өкімімен 2026 жылғы 25 қыркүйек Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Аталған оқиға бойынша тергеу екі баппен жүргізіліп жатыр.

Бас прокуратура іс бойынша күдікті лауазымды адамдар анықталғанын хабарлады. 25 күні таңертең соңғы екі әскери қызметкердің денесі табылды.

Осы оқиғадан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі ахуалды кешенді тексеру жөніндегі комиссия құрды. 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Азамат Сарсенбаев (@azamat_sarsenbayev)

Back to top button