Қазақстан құрамасы дзюдодан қоржынға тағы бір күміс медаль салды

Қазақстан құрамасы дзюдодан Аичи-Нагояда (Япония) өтіп жатқан Азия ойындарында командалар сайысында күміс жүлдеге и болды. Отандастарымыз финала Японии құрамасына 4:0 есебімен жол берді.
Ұлттық құрама өкілі Марат Байқамуров жарыстан кейин финалдағы бәсеке жайлы ойын бөлісті.
“Қарсыластарымызды алдын ала зерттеп, жарысқа тыңғылықты дайындалдық. Бір-бірімізге жігер беріп, сэнім артудың арқасында осындай нәтижеге қол жеткіздік.

Жапон балуандарымен белдескенде бір-екі қателік жіберіп қойдық. Егер сол қателіктерге жол бермегенде, чемпион атануымыз мүмкін еді. Алайда бүгін күміс медаль бұйырды. Әрине, басты мақсатымыз алтын медаль жеңіп алу болатын. Өкінішке қарай, сәл ғана жетпей қалды.
Айдар Арапов финалдағы белдесуіне тоқталып, Оңтүстік Корея құрамасына қарсы өткен тартысты кездесу туралы пікір білдірді.
“Жарыс болған соң, бір-бірімізге арқа сүйеп, еліміздің намысын қорғау үшін бар күшімізді салдық. Негізі жекелей сайыс оңайырақ. Жарыс кестесін көрген сәттен бастап жеңіске жетуді мақсат еттік.
Оңтүстік Корея балуандарымен өткен кездесу өте тартысты болды. Айқас 3:3 есебімен аяқталып, жеребе тартылды. Сол сәтте Аида Тойшыбекова жеңісті жұлып алды.
Финалда өз белдесуміме келсем, бәрі көзді ашып-жұмғанша өте шықты. Төреші қатарынан ескерту жасады. Өзім де не болғанын түсінбей қалдым.
Күміс медаль да – үлкен жетістік. Дегенмен келесі жолы алтыннан алқа тағу үшін барымызды саламыз. Бізге қолдау көрсетіп, осы нәтижеге жетуімізге үлес қосқан бапкерлерімізге алғыс айтамыз», – деді спортшы.
