Қазақстанда алғашқы қар жауып, -6 градусқа дейін күн суиды
3-5 қазан күндері аралығында елде күн күрт суытып, қар жауады. Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Қазгидромет мәліметінше, елдің солтүстігінде түнде қар жауып, көктайғақ пен жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Яғни, ауа температурасы -6 градус аязға дейін төмендейді. Ауа райының өзгеруіне солтүстік циклонның келуі себеп болады. Ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады деп болжанып отыр. Ал оңтүстік пен шығыста жаңбыр жауады.
Сондай-ақ жел күшейеді. Батыс және солтүстік өңірлерде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Күндіз солтүстік-батыста, солтүстікте және орталық өңірлерде ауа температурасы 0…+5 градус шамасында болады.
Шығыста +7…+12 градус, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +10…+15 градус жылы болады деп болжанған. Таулы аймақтарда ауа температурасы 0…+5 градус аралығында болады.
Ал елдің батысында, керісінше, күн жылынады. Күндіз ауа температурасы +10…+18 градусқа дейін көтеріледі.