$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

ШҚО-да Ішкі саясат басқармасына басшы тағайындалды

Рауан Жампеисов Шығыс Қазақстан облысының Ішкі саясат басқармасы басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Рауан Жампеисовтың өмірбаяны

Тиісті өкімге облыс әкімі қол қойған.

Рауан Асылханұлы Жампеисов 1983 жылы Күршім ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 2006 жылы бастады. Әр жылдары Глубокое ауданында түрлі қызмет атқарған.

Сондай-ақ ШҚО Қоғамдық даму және Ішкі саясат басқармаларында басшының орынбасары, Самар ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарған. 2026 жылдың шілдесінен бері облыс әкімінің кеңесшісі болған.

Бұған дейін басқарманы басқарған Айдар Садырбаев облыс әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған еді.

Back to top button