$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

Ұлытауда 950 млн теңгенің марганецін заңсыз өндірген топ әшкереленді

Ұлытауда марганецті заңсыз өндіріп, шетелге шығарғандар анықталды. Сатылған шикізаттың жалпы құны 950 млн теңгеден асады. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz. 

ҚМА-ның Ұлытау облысы бойынша департаменті Қаражал қаласындағы «Восточный» карьерінде жүргізілген заңсыз кен өндіру жұмысын тоқтатқан.

Агенттік мәліметінше, күдіктілер заңсыз кен өндіру үшін ауыр карьер техникасын – экскаваторлар, тиегіштер мен самосвалдарды пайдаланған. 

«Карьер аумағында өндірістік база жабдықталып, онда өндірілген шикізат ұсақтау-жуу кешені арқылы өңделген. Нәтижесінде сатылған марганец кенінің көлемі 4 мың текше метрден асып, оның құны 950 млн теңгеден асады», – делінген ҚМА хабарламасында.

Тергеу дерегіне сәйкес, өңделген марганец кені кейін жүк көліктеріне тиеліп, тиісті құжаттарды пайдалану арқылы Қазақстан аумағынан тыс жерге шығарылған.

Қазір аталған дерек бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button