$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

Илон Маск АҚШ-та жауапты жаңа қызметке тағайындалды

Ол Пентагонның 2100 жылға дейінгі соғысқа қатысты құпия жобасын басқарады

SpaceX бас директоры Илон Маск Пентагонның болашақтағы, соның ішінде 2100 жылғы соғыс жүргізу тәсілдеріне арналған арнайы зерттеуін басқарады. Бұл туралы Axios басылымы жазды.

«Меридиан» жобасы және Масктің Трамп командасына оралуы

Басылымның мәліметінше, Илон Маск әлемдегі соғыс пен ұрыс қимылдарының болашағын зерттейтін Пентагон жобасына қатысу үшін Дональд Трамптың тобына қайта оралған. «Меридиан жобасы» деп аталатын бұл бастама барын АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет мәлім етті.

Бұл – Масктің былтырғы DOGE жобасынан кетуіне байланысты президентпен болған атышулы кикілжіңінен кейінгі Трамп әкімшілігіндегі кеңесші ретіндегі алғашқы ресми рөлі. Басылым қазір қос тарап өзара татуласып, ортақ жұмысқа кіріскенін хабарлады.

АҚШ-тың 2100 жылғы соғысқа дайындығы

Қорғаныс министрі Хегсеттің сөзіне сүйенсек, «Меридиан жобасы» АҚШ үстемдік етуге және толық меңгеруге ұмтылатын салаларды талдауға арналады.

«Олардың жұмысы біздің балаларымыз бен немерелерімізге қажет болатын қару-жарақ пен жүйелерді іздеуге, әзірлеуге және енгізуге бағытталады. Біз қазір жүріп жатқан соғыстарды зерттеп қана қоймай, 2030, 2050 және 2100 жылдары жол беруге болмайтын қақтығыстар туралы да байыпты түрде ойланамыз. Олардың алдын алу үшін Америка қазірден бастап не жасау керектігіне назар аударады», – деп түсіндірді Пентагон өкілдері.

Жақын арада жоба жетекшілерінің алғашқы жиыны өтеді Пит Хегсеттің айтуынша, нақты қорытындылар 120 күннен кейін шығарылады. Сол кезде зерттеу нәтижелері көпшілікке жария етіліп, сонымен қатар жоғарғы басшылыққа арналған арнайы құпия есеп дайындалмақ.

Back to top button