Жаңалықтар
Әлемдік мұнай бағасы төмендеді
1 қазан таңертеңгі жағдайға сәйкес Brent маркалы мұнайдың қараша айындағы фьючерстері барреліне 97,32 доллар болды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
WTI-дің баррелі қаншаға жетті
WTI маркалы мұнай бағасы барреліне 89,57 долларға жетіп, 0,94%-ға арзандады.
Ресейдің Urals маркалы мұнайы барреліне 110,40 доллар болды. Оның бағасы 0,49%-ға төмендеген.
Қыркүйектегі көрсеткіш
Қыркүйек қорытындысында Brent маркалы мұнайдың бағасы шамамен 14%-ға өсті. Бұл шілде айынан бергі ең жоғары өсім. Ал WTI бағасы шамамен 5%-ға қымбаттады.
Мұнай бағасы динамикасына АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердің барысы мен Парсы шығанағынан мұнай жеткізуді қалпына келтірудің жай-жапсары әсер етіп отыр.