$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

Қазақстанда тек бір мақсатта жұмыс істейтін полиция басқармасы ашылады

Енді LRT нысандарында жұмыс істейтін жеке көлік полициясы басқармасы құрылады. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Tizgin.kz. 

Жаңа басқарма немен айналысады

Құжатқа сәйкес, Ішкі істер министрлігінің Көліктегі полиция департаменті құрылымында жаңа мемлекеттік мекеме – LRT нысандарындағы көлік полициясы басқармасы пайда болады.

Жаңа бөлімше республикалық бюджеттен, Ішкі істер министрлігін ұстауға қарастырылған қаражат шегінде қаржыландырылады. Басқарма сондай-ақ министрліктің қарамағындағы аумақтық органдар мен бөлімшелердің тізбесіне енгізіледі.

Қаулының жарияланған бөлігінде жаңа басқарманың штат саны мен оның жауапкершілік аймағына нақты қандай нысандар кіретіні туралы мәлімет көрсетілмеген. Құжаттың бір тармағы қызмет бабында пайдалануға арналған.

Қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button