$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Спорт

“Қателік жіберіп алдым”: Елдос Сметов финалдан кейінгі пікірін айтты

Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында күміс медаль алған дзюдошы Елдос Сметов финалдан кейін журналистерге сұхбат берді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

“Өкінішке қарай сәл мүмкіндік беріп қойдым. Қате жіберіп алдым. Ол өз үйінде болғаннан кейін сәл мүмкіндікті жібермей, судьялардың бәрі жұмыс істейді. Бұл – ренжитін дүние емес. Бәрі қалыпты. Сондықтан қателік жібердім, мүмкіндік бердім, баға алды. Екі жылдан кейінгі үзілістен соң Азия ойындарында финалға шығу үлкен жетістік. Бірінші кездесуден бастап оңай қарсыластар түскен жоқ. Корея, Моңғолия, Тайбей – олардың бәрі жетістіктері үлкен, финалдарда жүрген балалар”, – деді ол.

Елдос Сметов әлі де мүмкіндіктер барын, басты мақсат – Олимпиада тарихын жаңарту екенін айтты. Сонымен қатар Қазақстанда өтетін әлем біріншілігіне дайындалатынын айтты.

Еске сала кетейік,жапониялық Конда Хаятомен финалда белдескен Елдс Сметов күміс медаль иеленді. Елдос финалда жапон балуанымен күресті. Есепті жапон балуаны ашты. Тіпті екінші балды юко әдісімен алды. Сметов осыдан кейін есепті өзгерте алған жоқ. Алтын медаль жапон балуанында кетті.

Back to top button