$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Спорт

Әбиба Әбужақынова Азия ойындарының финалында есе жіберді

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Әбиба кімге ұтылды

48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық спортшы финалда жарыс қожайыны, жапониялық Мицуки Кондомен алтын медальды сарапқа салды. Шешуші кездесуде Кондо ұтып, Әбиба күміс жүлдеге ие болды.

Әбужақынова Азия ойындарын ширек финалдан бастады. Бірінші белдесуінде үндістандық дзюдошыны 25 секундта иппонмен жеңді. Жартылай финалда Қытай Тайбэйінің үміті Линь Чэнь-Хаодан басым түсіп, финалға жолдама алған болатын.

Екінші Азияда қатарынан күміс медаль

Сөйтіп, Әбиба Әбужақынова қатарынан екінші Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды. Ол 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарының финалында да Жапония өкілі Нацуми Цунодаға есе жіберген болатын.

Әбиба – Қазақстан әйелдер дзюдосындағы ең нәтижелі спортшылардың бірі. Отандасымыздың еншісінде әлем чемпионаттарының үш жүлдесі бар: 2022 және 2024 жылдары қола, 2025 жылы күміс медаль алған.

Back to top button