$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

Шымкентте әйел күйеуін пышақтап өлтірді деген күдікпен ұсталды

Шымкентте ер адам пышақ жарақатынан қаза тапты. Оның өліміне қатысы бар деген күдікпен әйелі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Жанжал кезінде пышақ жарақатын алған

Полицияның алдын ала мәліметінше, оқиға тұрмыстық жанжал кезінде болған. Ұрыс барысында ер адам пышақ жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмған.

Көршілерінің айтуынша, оқиға ерлі-зайыптының өзара кикілжіңінен басталған.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Қалалық полиция департаменті ер адамның өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

«Ер адамның өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Аталған жайт бойынша келіншек ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Back to top button