$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Спорт

Ясмина Тоқсанбаеваның дисквалификациясына шағым берілді

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті Азиадада алтын медальдан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваның дисквалификациясына қатысты ресми түсініктеме сұратты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Оқиға барысы анықталып жатыр

ҰОК өкілдері жарысты ұйымдастырушылармен және Азия Олимпиада кеңесімен байланысып, оқиға барысын анықтап жатыр.

Комитет халықаралық спорт құқығы мамандарымен бірге бұдан кейінгі әрекеттерді қарастыруда. ҰОК бас хатшысы Әлімжан Акаевтың айтуынша, спортшылардың жабдығын таңдау және техникалық талаптарға сәйкестігін бекіту комитеттің құзыретіне кірмейді. Бұл мәселелер тиісті федерация мен халықаралық техникалық органдарға жүктелген.

Спортшының нәтижесіне шағым түсті

Айта кетейік, бұған дейін спортшының Азия ойындарында марафон қашықтығына спорттық жүрістен жеңіп алған алтын медалінен айырылғанын жазған едік.

Ясмина Тоқсанбаева әйелдер арасындағы марафон қашықтығына спорттық жүріс сайысында мәреге бірінші болып жеткен. Алайда жарыстан кейін оның нәтижесіне қатысты наразылық білдірілген.

Осыған байланысты Дүниежүзілік жеңіл атлетика қауымдастығы – World Athletics қазақстандық спортшының жарыста киген аяқкиімін тексерген. Нақтырақ айтқанда, оның жарыста қолдануға рұқсат етілген аяқкиімдер тізіміне кіретін-кірмейтіні қаралды.

 

Back to top button