$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Спорт

Махмұд Сабырхан Азия ойындарының финалына шыға алмады

Жапонияның Айти мен Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшыларының бірі Махмуд Сабырхан жартылай финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз финал жолдамасын Филиппиннің тәжірибелі былғары қолғап шебері, 2020 жылғы Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері әрі 2022 жылғы Азия чемпионы Карло Пааламмен сарапқа салды.

Төрешілердің екіұдай шешімі және «қола» жүлде

Шаршы алаңдағы үш раунд бойы өткен тартысты әрі шиеленісті кездесу нәтижесінде төрешілердің басым бөлігі жеңісті филиппиндік боксшыға берді. Төрешілер жазбасындағы қорытынды есеп – 3:2.

Осылайша, Карло Паалам Азиаданың алтын медалі үшін айқасқа жолдама алса, Махмуд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдесін қанағат тұтып, жарыс жолын аяқтады. Айта кетейік, қазақстандық боксшы әлемнің екі дүркін чемпионы (2023, 2025) және 2024 жылғы Азия чемпионы саналады.

Back to top button