$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

Жаңбыр, қар, үсік: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазан айының алғашқы күндерінде ел аумағында ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Бірнеше өңірде жаңбыр жауады

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 1-3 қазан аралығында елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады. Ал батыс пен солтүстік-батыста жауыннан соң қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Кей өңірлерде жел күшейеді.

Синоптиктер болжамы

Синоптиктер болжамынша, мұндай ауа райына атмосфералық фронттардың өтуі себеп болып отыр.

Ауа температурасы әр өңірде әртүрлі болады:

  • Батыста түнде –1…+6, күндіз +3…+8 градус;
  • Солтүстік-батыста күндіз +5…+15 градус;
  • Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде +13…+23 градус;
  • Оңтүстік және оңтүстік-шығыста +20…+25 градус;
  • Таулы аймақтарда +10…+15 градус жылы болмақ.
Back to top button