$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
TOP-2Пікір

Менталитеті совет үкіметінде қалған офицерлер әскерде реформа жүргізе алмайды – Барысов

Әскери техникаларды шығарумен айналысатын белгілі кәсіпкер Айбек Барысов Қорғаныс министрінің ауысуына қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Айбек Барысовтың айтуынша, Каспийдегі трагедия болғалы бері бірнеше журналист оған хабарласып, пікір білдіруін сұраған.

“Қазір сіздер де, біз де үлкен реформа болуы керек деп білеміз. Бірақ оған қабілеті мен мінезі бар адам керек. Совет үкіметі кезінен менталитеті қалған офицерлер оған жарамайды деп есептеймін. Қазір тағайындалған Айдос Сәкенұлы ойы мен мінезі тәуелсіз Қазақстанда қалыптасқан. Сол үшін бұл шешім өте орынды деп санаймын”, – дейді ол.

Бұған дейін қазіргі министр арнайы күштер қызметінде жұмыс істеген. Барысов сол құрылымда қазіргі министр көп өзгеріс жасағанын айтады.

“Ең бастысы, Айдоста қазіргі жағдайды өзгертетін мінез бен намыс, патриотизм бар. Өзгерте алам деген мінез болуы керек. Шындық керек. Бұрыннан білетін үлкен офицерлер мен генералдар әскерді өзгертуге болады дегенге өздері сенбейтін. Әскерді осындай адамдар ғана өзгертеді деп ойлаймын. Қашанғы қорқақтап жүреміз. Әрине бәрін уақыт көрсетеді. Бірақ бірігіп біз де көмектесеміз. Өзгертер деп сенемін, үмітімді үзбеймін”, – дейді ол.

Каспийдегі трагедия

24 қыркүйек күні Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде тоғыз әскери қызметші қаза тапқаны белгілі болған еді. Кейін құрбан болғандар саны одан да көбейді. Осы оқиғадан кейін Мемлекет басшысының өкімімен 2026 жылғы 25 қыркүйек Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Аталған оқиға бойынша тергеу екі баппен жүргізіліп жатыр.

Бас прокуратура іс бойынша күдікті лауазымды адамдар анықталғанын хабарлады. 25 күні таңертең соңғы екі әскери қызметкердің денесі табылды. Осы оқиғадан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі ахуалды кешенді тексеру жөніндегі комиссия құрды. 

Көп өтпей Дәурен Қосанов министр қызметінен кетіп, оның орнына Айдос Мырзахметов тағайындалды.

Back to top button