$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

«Мен айтыстан қуылғанмын»: айтыскер ақын Мақсат Ахановтың тойдағы видеосы тарады

Маңғыстау облысының Шайыр ауылындағы айтысты әдепсіз әрекеті үшін 6 айға ресми айтыстардан шеттетілген айтыскер ақын Мақсат Ахановтың тойда өнер көрсеткен видеосы желіге тарады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Айтысып, талай жерде беттесіп ек»

Видеола айтыскер ақын Мақсат Ақанов көпшілік алдында:

Өткендегі ағайынның шаруасы үшін,

Өтінем «Жазғырмашы, сөкпеші» деп,

Бауыр боп жарылқасаң – жетіп жатыр,

Онсызда ағаңмын ғой көп досы жоқ.

 

Сондықтан елге тілек ақтара бер,

Айтысып, талай жерде беттесіп ек.

Әйтпесе, Ақановтың, білесің ғой,

Айтатын жағдайы жоқ көпке өсиет.

 

Бұл күнде кәрі қойдан бағам кейін,

Бір жандай арқандалып, булығамын.

Сен келді дегеннен соң келіп тұрмын,

Әйтпесе мен айтыстан қуылғанмын, – деп әзіл-шыны аралас өлең жолдарымен өз ойын айтты.

Айтыстан жарты жылға шеттетілді

Еске салсақ, айтыскер ақынның Маңғыстау облысындағы айтысы әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Әлеуметтік желіде Нұргүл Хасанова ақынның айтыста айтқан сөзінің видеоүзіндісін салып оны масқара деп атады. Ал Айтыс Одағының төрағасы Амандол Әлтай бұл айтыс одақтың жоспарында болмағанын, Шайыр ауылында болған айтыс екенін жеткізді.

«Бір ғана оқиға орын алған. Бұл Шайыр ауылында болған. Айтыс ақындары бекітілген тізімде жоқ. Айтыс ақындары Одағының ол айтысқа қатысы жоқ. Қазір ас берсе де ақындарды шақыра береді ғой. Бұл ауылдық деңгейде болған шара», – деді ол.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button