$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
ЖаңалықтарОқиға

Щучинскіде үй өртеніп, ерлі-зайыпты қаза тапты

Щучинскіде ер адам, полицияның алдын ала мәліметінше, жеке тұрғын үйді әдейі өртеген. Өрт салдарынан сол үйде тұратын егде жастағы ерлі-зайыпты қаза тапты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Оқиға қалай болған

Өрт 29 қыркүйекке қараған түні болған. Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 90 шаршы метр аумақты шарпыған.

«Оқиға орнына келген ТЖД қызметкерлері өртті сөндірді. Өртті сөндіру барысында құтқарушылар үйден ер адам мен әйелдің денесін алып шықты», – деп хабарлады ведомство.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Күдікті ұсталды

Өрт дерегі бойынша Ақмола облысының Полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Алдын ала анықталғандай, 39 жастағы жергілікті тұрғын үйді әдейі өртеген. Оқиға салдарынан осы үйде тұрған ерлі-зайыпты қаза тапты», – деп хабарлады полиция.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысында жеке тұрғын үйдегі өрттен үш кішкентай бала қаза тапқан еді. Өрт барақ үлгісіндегі жеке үйде шыққан. Өрт кезінде анасы 13 жастағы баласымен бірге ғимараттан өздігінен шығып үлгерген. Ал тағы үш бала үйдің ішінде қалып қойған.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button