$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
TOP-2ЖаңалықтарПікір

«Шай ішіп, рахаттанып отырмын»: Арман Давлетияровтың қазақша видеосы тарады

Әлеуметтік желіде Ресейдің шоу-бизнесі мен телевизия саласында ұзақ жылдар қызмет еткен Арман Давлетияровтың қазақша әңгімелесіп отырған видеосы тарады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Мен қазақша қуана сөйлеймін»

«Бұл жазба маған «қазақша сөйлемейсіз» деп жиі жазатындарға арналған. Мен қазақша сөйлеймін. Әрі қуана сөйлеймін!», – деп жазды ол видеосының сипаттамасына.

Қонақта қазақша әңгімелесті

Видеода Арман Давлетияров өзі қонаққа келген үй иесімен әңгімелесіп отырды.

«Ассалаумағалейкум, қазақ елі! Осы үйге келгенге шәй ішіп, рахаттанып, қазақша сөйлеп, қуанып отырмын», – деді ол.

Арман Давлетияров кім

Арман Давлетяров — қазақстандық қоғам қайраткері әрі медиаменеджер. Ол Ресейдің шоу-бизнесі мен телевизия саласында ұзақ жылдар қызмет еткен.

1970 жылы 13 тамызда Орынбор облысындағы Тамар-Уткуль ауылында дүниеге келген.

Продюсер және медиаменеджер ретінде танылған. A’Studio, Мұрат Насыров, Батырхан Шүкенов сияқты өнер иелерімен жұмыс істеген.

2008 жылы «МУЗ-ТВ» телеарнасына келген.

2013 жылдан 2021 жылға дейін «МУЗ-ТВ» арнасының бас директоры.

«МУЗ-ТВ» музыкалық сыйлығын ұйымдастыруға жетекшілік етті.

2017 жылы Қазақстанның «Еңбек сіңірген қайраткері» атағын алған.

2020 жылы Ресей президенті Владимир Путиннің Жарлығымен Достық орденімен марапатталған.

Кейін Қазақстандағы Jibek Joly телеарнасында жүргізуші ретінде де көрінді.

Қазір ол медиадан бөлек қоғамдық, лекциялық және қайырымдылық жобаларға да қатысады.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button