ЕрекшеЖаңалықтар

Назарбаев Университетінің студенті 12-ші қабаттан құлап, қаза тапты

Тергеушілер трагедияның мән-жайын зерттеп жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Астанадағы Назарбаев Университеті кампусында 22 жастағы қыз қаза тапты. Полицияның мәліметінше, ол жатақхананың 12-қабатындағы терезеден құлап кеткен.

NU баспасөз қызметі марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, барлық жедел қызмет пен құқық қорғау органдары дер кезінде жұмылдырылғанын атап өтті. Сондай-ақ университет студенттер мен қызметкерлерге психологиялық қолдау көрсетіп жатыр. Университет басшылығы мен марқұмның туыстары тексерілмеген ақпаратты таратпауға және отбасының сезіміне құрметпен қарауға шақырады.

“NU қауымдастығының әрбір мүшесінің қауіпсіздігі мен психологиялық әл-ауқаты басты басымдық болып қала береді”, – делінген ресми хабарламада.

Астана полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

ҰҚСАС ОҚИҒА

18 маусымда Назарбаев университетінің студенті жатақханалардың бірінде өлі күйінде табылғаны хабарланған. Ал Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студент қыздың қазасы бойынша тергеу жүріп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, трагедияға отбасылық мәселелер себеп болуы мүмкін.

Back to top button