$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

Қазақстанның оңтүстік-шығысында жер сілкінісі тіркелді

Бүгін Қазақстанда Астана уақытымен сағат 13:53-те жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 254 шақырым жерде орналасқан, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Жер сілкінісі Нарынқол мен Кегенде сезілген

Жерасты дүмпулері Нарынқолда 3 баллға дейін, Кегенде 2 баллға дейін сезілген.

Зақымданған нысандар анықталған жоқ

«Қазселденқорғау» мамандары өзен арналары, гидротехникалық құрылыстар мен қауіпті учаскелерді тексерді. Сонымен қатар тіршілікті қамтамасыз ету нысандарына да бақылау жүргізілді.

Тексеру барысында ешқандай зақым анықталған жоқ.

Зардап шеккендер жоқ

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қирау немесе зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Қазіргі уақытта жағдай тұрақты. Барлық нысан штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button