$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
ЖаңалықтарОқиға

Қазақстандық жаттықтырушы Үндістанда қыз зорлады деген күдікке ілікті – БАҚ

Kriminal kazakhstan ақпаратынша, Үндістанның Пенджаб штатында полиция 34 жастағы қазақстандық велоспорт жаттықтырушысы Мақсат Аязбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғаған, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Оқиға қашан болды

Ол Патиала қаласындағы Ұлттық спорт шеберлігі орталығында оқу-жаттығу жиыны барысында кәмелетке толмаған спортшы қызды зорлады деген күдікке ілінді. Полицияның оқиға 13 қыркүйекте болғанын алға тартып отыр.

Жаттықтырушыны іздеу үшін арнайы топтар құрылған. Тәртіп сақшылары Дели қаласы мен соның маңындағы аудандарға рейдтер жүргізілгенін хабарлады.

Тергеу жалғасып жатыр

Аязбаев Үндістанның велоспорт құрамасымен бірге Азия ойындарына қатысу үшін Жапонияға баруы тиіс болған. Дегенмен іс қозғалған соң оның сапарына берілген рұқсаттың күші жойылды. Үндістанның велоспорт федерациясы да оның қызметінен шеттетіліп, іс ішкі тексеруге жіберілгенін мәлімдеді.

Кәмелетке толмаған спортшыға заңгерлік және психологиялық көмек те көрсетілген. Тергеу жалғасып жатыр.

Айта кетейік, Максат Аязбаев – кәсіби велошабандоз. Мұның алдында ол «Astana Pro Team» командасында өнер көрсетіп, халықаралық жарыстарда топ жарған. Ол былтырдан бері велоспорттан Үндістан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы қызметінде болған еді.

Back to top button