“Кемеге мінген жоқпыз”: 14 сарбаздың өлімінен соң көпшілік іздеу салған екі сарбаз түсінік берді
Маңғыстауда 14 әскери қызметші қаза тапқаннан кейін әлеуметтік желі қолданушылары іздеу салған Әли Мағауия мен Айнар Ахметов бейнеүндеу жасады. Екі сарбаз да қайғылы оқиға болған күні кемеге мінбегенін растады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Желі қолданушылары сарбаздарға іздеу салған
Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін әлеуметтік желіде Әли Мағауия мен Айнар Ахметовтің жағдайын білуге тырысқан жазбалар тарады. Жұрт екі сарбаздың амандығына алаңдап, олар туралы ақпарат іздеген.
Екі сарбаз не айтты
Әли Мағауия мен Айнар Ахметов бейнежазбада жағдайды түсіндірді. Екеуі де қайғылы оқиға болған күні кемеге мінбегенін айтты. Осылайша, сарбаздар өздерінің аман екенін жеткізіп, оқиға кезінде кеме бортында болмағанын растады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Каспийдегі трагедия
24 қыркүйек күні Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде тоғыз әскери қызметші қаза тапқаны белгілі болған еді. Кейін құрбан болғандар саны одан да көбейді. Осы оқиғадан кейін Мемлекет басшысының өкімімен 2026 жылғы 25 қыркүйек Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Аталған оқиға бойынша тергеу екі баппен жүргізіліп жатыр.
Бас прокуратура іс бойынша күдікті лауазымды адамдар анықталғанын хабарлады. 25 күні таңертең соңғы екі әскери қызметкердің денесі табылды.
Осы оқиғадан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі ахуалды кешенді тексеру жөніндегі комиссия құрды.