ЖаңалықтарСпорт
Қазақстандық ауыр атлет Алексей Чуркин Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
Ол жұлқа көтеруде әлем рекордын орнатты.
22 жастағы спортшы 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Жұлқа көтеруде Алексей Чуркин 173 келі салмақты бағындырып, әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Екі сайыста 378 келі көтерді
Серпе көтеруде қазақстандық спортшы 205 келі зілтемірді көтерді. Осылайша Чуркиннің екі сайыстағы жалпы нәтижесі 378 келіні құрады.
Солтүстік Корея спортшысы чемпион атанды
Барлық спортшылардың нәтижесі бойынша қазақстандық ауыр атлетті Солтүстік Корея өкілі Но Гван Рёль басып озды. Ол серпе көтеруде және екі сайыста әлем рекордын жаңартты. Спортшының жалпы нәтижесі 379 келі болды (165+214).
Үздік үштікті Қытай спортшысы Чэнь Шуньнань түйіндеді. Оның нәтижесі – 374 келі (163+211).