$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

Салғырттық танытқан “ҚазАвтоЖол”-дың 22 сарапшысы жұмыстан шығарылды

“ҚазАвтоЖол” ҰК” АҚ биыл жол құрылысы мен жөндеу жұмыстары сапасын тексеру кезінде 1 670 ақау мен талапқа сәйкессіздікті анықтады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Кемшілік қайдан анықталды

Жыл басталғалы компания мамандары жол жұмыстарына 50-ге жуық тексеру жүргізген. Анықталған кемшіліктердің 831-жойылды. Қалған ақауларды жою жұмыстары жалғасып жатыр.

Тексеру барысында жолдағы шұңқырлар мен ойықтар, асфальтбетон жамылғысының ығысуы, жолтабандар мен жолдың пайдалану жағдайына әсер ететін басқа да кемшілік анықталған.

Әр фактіге сәйкес жауапты тұлғалар белгіленіп, тиісті шаралар қабылданды. Жұмыс сапасын тиісінше бақыламаған техникалық қадағалау мамандары 53,4 млн теңге айыппұл арқалады.

Қадағалау кезінде ағаттық

Одан бөлек, техникалық қадағалау талаптарын тиісті деңгейде орындамаған 22 сарапшы жұмыстан шығарылды.

“ҚазАвтоЖол” жол жұмыстары сапасы мен техникалық қадағалауға қойылатын талаптарды күшейтіп жатыр. Компания ақпаратынша, ақаудың анықталуы оның қабылданғанын білдірмейді. Мердігер ұйымдарға кемшіліктерді жою бойынша талап қойылып, шара қолданылады.

Back to top button