$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

Әлемдік мұнай бағасы 105 доллардан асты

Бүгін әлемдік мұнай бағасы шикізат жеткізудегі қиындықтар әсерінен қымбаттады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Баға қаншаға өсті

28 қыркүйек таңертеңгі жағдайға сәйкес Brent маркалы мұнай фьючерстері 1,74%-ға қымбаттап, барреліне 106,14 доллар-ға жетті. WTI маркалы мұнай бағасы 0,90%-ға қымбаттап, барреліне 93,24 долларға жетті.

Ал ресейлік Urals мұнайының бағасы 3,57%-ға көтеріліп, барреліне 113,61 долларға жетті.

Қымбатшылық себебі

Мұнай нарығына қазір бірнеше фактор әсер етіп отыр. Айталық, инвесторлар Иран мен АҚШ арасындағы келіссөздер нәтижесін күтіп отыр. Егер тараптар келісімге келсе, аймақтағы шиеленіс бәсеңдеп, Ормуз бұғазы арқылы мұнай жеткізілімі қайта қалпына келуі мүмкін.

Мұнай бағасы қыркүйектің 25-күні АҚШ пен Иран арасында бітім жасалуы мүмкін деген болжам аясында өзгеріп келеді. Одан бөлек, нарық қатысушылары Таяу Шығыстан мұнай жеткізіліміне қатысты тәуекелдерді бақылап отыр.

Back to top button