$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
ЕрекшеЖаңалықтар

Прокурор Берденовке оқ атқан Жиенбайды ұзақ жылға соттауды сұрады

Прокурор Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке оқ атқан Ернар Жиембайды 11 жыл 3 айға соттауды сұрады,  деп жазады Tizgin.kz.

Прокуроор адам өлтіруге оқталғаны сотта дәлелін тапты деп есептейді. Сотталушы Ернар Жиенбайды қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі және 99-баптың 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оны 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды судьядан сұрайды.

Руслан Берденов бүгінгі сотта Ернар Жиембайды кешірмейтінін мәлімдеген.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша сот процесі шешуші кезеңге таяды. Қазір тараптардың жарыссөзі өтіп жатыр. 

АЯН ӨРІБАЙ

Аян Өрібай – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының бас редакторы, Tizgin ЖШС директоры. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын ШҚО Ақпараттық орталығында маман болып бастап, Өскемендегі облыстық «Менің Өлкем» жекеменшік газетінде тілші қызметін атқарған. Кейін Астанадағы «ҚазАқпарат» ХАА-да тілші, Ulysmedia.kz порталында арнайы тілші болып еңбек еткен. «Үркер» ұлттық сыйлығының иегері.
Back to top button