ЕрекшеҚоғам

Шерзат соты: апелляция шешім шығарды

Қонаев қаласында үлкен резонанс туғызған Шерзат Полат ісі апелляция сатысында қаралды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Апелляция бұрынғы сот үкімін күшінде қалдырды.

ҮКІМ 

Айта кетейік, 5 маусымда Талғарда кісі қолынан мерт болған жасөспірім Шерзат Полаттың ісі бойынша сот процесі шегіне жеткен. Сотта төрелік еткен судья Ержан Жанұзақовтың үкімімен: Абзал Шынасыл 23 жылға сотталды.

Равиль Сакиев 20 жыл, Шыңғыс Белғожаев 7 жыл; Дархан Әскентай 7 жыл, Нұрқияс Ілиясов 9 жыл (бұрынғы 2,5 жылға шектеу жазасын қосқанда); Нұрбол Тоқтаубаев 7 жыл, Азамат Тоқтаубаев 15 жыл (бұрынғы жазасын бірге қосқанда), Дидар Қалиахмет 7 жылға, кәмелетке толмаған Думан Ысқақ қылмыстық кодекстің  434-бап (ауыр қылмыс жасалғанын хабарламау) 1,5 жылға сотталды. Оның изолятордағы бір күні екі күн ретінде есептелетін болды.

Back to top button