$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен тұрғын көз жұмды

Теміртаудағы жер үйде газ-ауа қоспасы жарқылынан зардап шеккен ер адам ауруханада жан тапсырды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Жарылыс қашан болды

Ekaraganda.kz ақпаратынша, жарылыс қыркүйектің 18-күні таңертең Пушкин көшесінде болды. Жер үйде табиғи газ бен ауа қоспасы тұтанып, алайда өрт шықпаған. Жарылыс салдарынан үй терезелері мен қабырғалары зақымданды.

Ауруханаға ауыр халде жеткізілді

1959 жылы туған үй иесі ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Ол бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатты. Дәрігерлер науқас жағдайын аса ауыр деп бағалады. Денесінің 85%-ын күйік шалған.

Дегенмен медициналық көмек көрсетілсе де, ер адамның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Back to top button