$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
ЕрекшеЖаңалықтар

Алматы тауларында туристер қар барысын видеоға түсіріп алды

Кездесудің кадрлары әлеуметтік желілерде тарады.

Алматы тауларында серуендеп жүрген туристер қар барысымен сирек кездесуді видеоға түсіріп алды. Жыртқыш саяхатшыларға бұған дейін еріп жүрген жергілікті итті қуып, соқпақта күтпеген жерден пайда болған, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Туристерге жергілікті ит қосылған

Туристердің айтуынша, серуен кезінде оларға жергілікті ит қосылған. Ол біраз уақыт топтың алдында жүгіріп, адамдарды күтіп, кейін қайтадан соқпақпен алға қарай жүгіріп отырған.

Иттің үргенінен жыртқыштың жақындағанын сезген

Демалыстардың бірінде ит алға қарай кетіп қалған. Біраз уақыттан кейін туристер оның үздіксіз әрі мазасыз үргенін естіген. Алматылық тұрғынның айтуынша, олар итке қарай жақындай бергенде, оның жүні үрпиіп, бір нүктеге қадала қарап тұрғанын байқаған.

«Алдымызда ештеңе көрінбеді: күн көзді шағылыстырып тұр, бұталар мен шыршалар бар. Кенет ит орнынан атып тұрды. Бірнеше секундтан кейін ол кері қарай жүгірді, ал оның артынан барыс келе жатты! Бір сәтке уақыт тоқтап қалғандай болды. Таңғы күн сәулесі түскен, шаң арасындағы барс шынайы емес көрінді: дәл фильмдегі кадр секілді», – деп жазды алматылық тұрғын.

Қар барысы туристерге жақындамаған

Туристер ит үшін алаңдап, айқайлай бастаған, алайда қар барысы оларға жақындамаған. Ол көп ұзамай шыршаның артына кіріп, көзден ғайып болған.

Кейін туристер жыртқышты соқпақтың жоғары жағынан тағы байқаған. Саяхатшылардың болжамынша, маңайда қар барысы қорғап жүрген жемтігі болуы мүмкін.

Сирек кездесуді видеоға түсірді

Туристер қар барысымен болған сирек кездесуді видеоға түсіріп үлгерген. Кадрлар әлеуметтік желілерде тарады.

Еске салсақ, бұған дейін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың бірінде қар барысы кездескені туралы жаздық. Сирек жыртқышты таулы бағыттан қайтып келе жатқан туристік топтың гиді байқап қалған. Ерекше сәт бейнекамераға түсірілді.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button