$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

Жезөкшелікке қатысы бар деген қазақстандық Балиде ұсталды

Балиде жезөкшелікпен айналысты деген күдікпен 13 шетелдік ұсталды. Оларды анықтау бойынша рейд үш ауданда қолға алынды, деп хабарлайды Tizgin.kz Antara-ға сілтеме жасап.

Рейд қашан жүргізілді

Рейд қыркүйектің 17-күні кешкі уақытта Семиньяк, Чангу және Умалас аудандарында жүргізілген. Қазақстан азаматы Умаластағы вилладан үш Ресей азаматымен бірге қолға түсті. Көші-қон қызметкерлері бұл мекенжай туралы ақпаратты Telegram желісінен жинаған.

Ұзын-саны 12 әйел мен бір ер адам ұсталды. Арасында Қазақстан, Нигерия, Украина және Ресей азаматтары бар.

Кіруге тыйым салынуы мүмкін

Ведомство ақпаратынша, тұрғындардан түскен хабарламалардан соң операция басталды. Қызметкерлер ақпаратты онлайн-платформалар арқылы тексеріп, бақылауға алды.

Сөйтіп, шетелдіктер Индонезияның көші-қон заңнамасын бұзды деген күдікке ілінді. Көші-қон қызметі өкілдері қолға түскендерге депортация жасалып, Индонезияға бес жылға кіруге тыйым салынуы мүмкін екенін айтты. Сондай-ақ оларға қатысты қылмыстық іс те қозғалуы мүмкін.

Back to top button