“Басынан бастап өтірік”: Польша елшісі Ресей елшілігінің сөзін жоққа шығарды

Польшаның Қазақстандағы елшісі Михал Лабенда Польшадағы Ресей елшілігінің сөзін жоққа шығарып, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Елші жеке парақшасында видео жариялап, 17 қыркүйекте Ресейдің Польшадағы елшілігі 1939 жылы оқиға жайлы ақпарат жариялағанын атап өтті. Ресей елшілігі “1939 жылы 17 қыркүйекте қызыл әскердің Польшаның шығыстағы облыстарында әскери операциясы басталды” деп ақпарат таратқан.
“Осы ақпарат басынан бастап өтірік. Ол ешқандай науқан емес, шабуыл еді. Осы шабуыл халықаралық заңға қарсы болды әрі екіжақты келісімдерге қайшы еді. 1932 жылы Лондонда қол қойылған, шабуыл жасаспау туралы келісім Польша мен КСРО арасында жасалған. Осы келісім 1934 жылы 1945 жылға дейін ұзартылған. Яғни. осы шабуыл осы екі шартты бұзған”, – дейді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram