Ресей жаңа көліктерін Қазақстанға импорттауды азайтты
Кәдеге жарату алымы мөлшерлемесіне қатысты өзгеріс күшіне енген соң елге Ресейден жеткізілетін автокөліктер көлемі азайған, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Импорт құны нөлге жақындады
Айталық, жаз ортасы, яғни маусымда көрші елден әкелінген осындай көліктер импортының жалпы құны бар-жоғы 72 долларды құрады. Mash мәліметінше, тіпті осы жылдың сәуір айында ресейлік автоөнеркәсіптің қазақстандық нарыққа тауар жеткізудегі айлық көлемі 5,5 млн долларға бағаланған.
Ал арадағы соңғы екі айда импорт құны іс жүзінде нөлге жақындады”, – делінген ақпаратта.
Нарықтағы жағдай
Ел нарығындағы мұндай жағдай Ресей мен Беларусьтен келетін автокөліктерге арналған кәдеге жарату алымы коэффициенттері қайта қаралған соң тіркелгені да нақтыланады.
“2026 жылғы 8 мамырдан бастап бұл елдерден келетін шағын литражды автокөліктердің коэффициенті 3,5-тен 136-ға дейін көбейді. Нәтижесінде бір автокөлік үшін кәдеге жарату алымының мөлшері жекелеген жағдайларда 29,4 млн теңге немесе шамамен 5,5 млн рубль болуы мүмкін екен. Осы жағынан қарағанда, импорт шарттарының өзгеруі ресейлік автомобиль брендтерінің қазақстандық нарықтағы жағдайына да әсер етті. Тамыз айына қарай Lada Қазақстандағы ең көп сатылатын автомобиль маркаларының үздік жиырмалық тізімінен шығып қалды”, – делінген мәліметте.
Айта кетерлік жайт, Ресей жаңа шектеулер енгізілмей тұрып та Қазақстан автокөлік импортында ойып тұрып орын ала қоймаған.