$ 453.65 € 509.99 ₽ 5.31
Жаңалықтар

Қырғыз дикторы Қожаназаров сыйға тартқан көлігін көрсетті (Видео)

Қырғыз дикторы Айзада Жамгырчиева Құрылтай депутаты Айдарбек Қожаназаров сыйлаған көлігін көрсетіп, желіге жариялады. Ол “Changan” автокөлігін “Көшпенділер” ойынының ашылу салтанатында “Қазақстан” деп айқайлағаны үшін алып отыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Диктордың ерекше дауыс мақамына риза болған “Көкпар” қауымдастығының президенті Айдарбек Қожаназаров оған темір тұлпар мінгізуді жөн көрген.

“Көріндік қой, әәә..? Кейде бір сыйлықтың астарында мың сөзге татитын мағына жатады… Бауырлас қазақ елім, бүгін сендер мені жай ғана қуантып қойған жоқсыңдар – жүрегіме жылу сыйладыңдар. Уәделеріңде тұрып, көрсеткен құрметтерің үшін шын жүректен алғыс айтамын, Айдарбек мырза. Қырғыз бен қазақты шекара бөліп тұрғанымен, жүрегімізді ештеңе ажырата алмайды. Тарихымыз тамырлас, тіліміз үндес, көңіліміз бір. Қазақ еліме көп рақмет! Бұл жақсылықтарың өздеріңе мың есе болып қайтсын! Қырғыз-қазақ бауырластығы мәңгі жасасын! Достығымыз берік, ынтымағымыз мәңгі болсын!” – деп жазды диктор.

Қазақстан депутатының десе де бұл әрекетін сынағандар да болды. Нақтырақ айтқанда, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан көкпаршылары Қырғызстаннан ұтылып жатқан тұста, қырғыз көкпаршыларының қазақтың бір ойыншысын атпен таптап өткен кезде әрі қырғыз тарапы Қазақстанды медаль саны жағынан төмендеткісі келген кезде осы көлік қырғыз дикторына сыйға тартылды. Осы әрекеті үшін депутатты “Қожаназаровтың қожанасырлығы” деп өткір сынағандар да болды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Aizada Jamgyrchieva (@aizada_jamgyrchieva)

Back to top button