$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

12 мың адам көрген TikTok тікелей эфирі әйелдің қамалуымен аяқталды

Абай облысында полицейлер мониторинг кезінде TikTok желісінде бейәдеп сөздер айтқан әйелді анықтады, деп хабарлайды Tizgin.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ішімдік ішкен

Эфир барысында ішімдік ішіп отырған әйел былапыт сөздерін жаудырып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан. Тікелей эфирді шамамен 12 мың адам көрген.

Құқық бұзушылық жасаған әйелдің жеке басы тез-ақ анықталды. Ол Мадина Баяхметова есімді Семей қаласының 53 жастағы тұрғыны болып шықты.

Сот шешімі

Сот әйелді ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, жасына байланысты бес тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады.

«Әлеуметтік желілер – баршаға қолжетімді ақпараттық кеңістік. Тікелей эфир барысында былапыт сөздер айту, әдепсіз мінез-құлық көрсету және қоғамдық тәртіпті бұзудың өзге де түрлері заңда белгіленген жауапкершілікке негіз болуы мүмкін», – делінген мәліметте.

Тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіп, құқыққа қайшы контент жолын кесу жұмыстары жалғасатынын жеткізді.

Back to top button