Базарбектің қуанышы: жол оқиғасынан зардап шеккен Нұржігіт ауруханадан шықты (Видео)
Экс-депутат Бақытжан Базарбек өзі тап болған жол-көлік оқиғасында зардап шеккен Нұржігіт ауруханадан шыққанын көрсетті, деп жазады Tizgin.kz.
Бақытжан Базарбек Нұржігіттің ауруханадан шыққанын әлеуметтік желіде жариялады. Нұржігіт шыққан кезде экс-депутат оның қасында жүрген.
Бақытжан Базарбектің ісі жайлы
Еске салсақ, бұған дейні Жамбыл облысында бұрынғы мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болғаны хабарланған еді. Жол апаты Тұрар Рысқұлов ауданындағы Луговой ауылының маңында болған. Бұған дейін осы жол учаскесінде көлік малды қағып, жануардың өлексесі жол үстінде қалып қойған. Бір ер адам оны жолдан алып тастау үшін көліктен түскен. Сол сәтте оны Бақытжан Базарбек басқарған Toyota көлігі қағып кеткені айтылады.
Экс-депутат Бақытжан Базарбек өзінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасынан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады. Ол тергеу жүріп жатқандықтан оқиғаның мән-жайын ашып айта алмайтынын жеткізіп, көпшілікті асығыс қорытынды жасамауға шақырған.