$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
TOP-2Жаңалықтар

Қазан айында қазақстандықтарға қосымша демалыс күндері беріледі

Қазақстандықтар қазанда неше күн демалады

Қазанда аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үш күн қатарынан – 24, 25 және 26 қазан күндері демалады. Биыл Республика күні жексенбіге түсетіндіктен, демалыс дүйсенбіге ауысады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Республика күнінде қалай демаламыз

Қазақстанда 25 қазанда Республика күні аталып өтеді. Бұл – елдегі жалғыз ұлттық мереке. Осы күні 1990 жылы Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданған. Биыл 25 қазан жексенбіге сәйкес келеді. Мереке демалыс күнімен тұспа-тұс келгендіктен, одан кейінгі дүйсенбі, 26 қазан да демалыс болады.

Осылайша, жұмыс кестесіне қарай демалыс күндері былай бөлінеді:

  • Бес күндік жұмыс аптасында – 24, 25 және 26 қазан күндері үш күн қатарынан демалыс.
  • Алты күндік жұмыс аптасында – 25 және 26 қазан күндері екі күн демалыс. Ал 24 қазан, сенбі – жұмыс күні.

Екі кесте бойынша да жұмыс 27 қазанда, сейсенбіде басталады.

Қазанда қанша жұмыс және демалыс күні бар

Қазандағы 31 күннің бес күндік жұмыс аптасында 21-і – жұмыс, 10-ы – демалыс күні болады.

Ал алты күндік жұмыс аптасында 26 жұмыс күні және бес демалыс күні бар.

Бұл есеп стандартты бес күндік және алты күндік жұмыс аптасына қатысты. Ауысыммен еңбек ететін қызметкерлердің жұмыс және демалыс күндері өз кестесіне қарай белгіленеді.

Back to top button