$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
TOP-2ЕрекшеЖаңалықтар

«Хайп үшін емес»: қазақстандық азамат Нью-Йорктегі сән сахнасына ұлттық киіммен шықты

New Уork fashion show шарасына қонақ ретінде шақырылған Жасұлан есімді қазақстандық азамат сән сахнасында ерлер образы болмағанын аңғарып, қазақы нақыштағы өз шапанын үстіне киіп алып, подиумда жүріп өтті, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Ұлттық нақыштағы ерлер образы болмағанын байқадым»

Жасұланның айтуынша, Нью-Йоркте өткен сән көрсетілімінен алған әсері ерекше болды: атмосфера, энергия, әлемнің түкпір-түкпірінен келген сән үлгілері.

«Мені бір нәрсе ойландырды.Әдемі топтамаларды, соның ішінде біздің қазақстандық дизайнерлердің жұмыстарын көрдім, алайда олардың басым бөлігі әйелдер образдары болды. Ал Қазақстанның ұлттық нақыштағы ерлер образы болмады», – дейді ол.

«Жай қарап отыра алмадым»

Жасұлан залда жай қарап отыра алмағанын айтты.

«Залда отырып, мұны жай ғана қарап отыра алмадым. Мен модель де, қатысушы да емеспін, бұл жерге жай ғана қонақ ретінде шақырылдым. Бірақ бұл – менің елім, менің мәдениетім, менің мақтанышым. Сол сәтте мен шапанымды киіп шықтым. Бұл хайп үшін де, сахнаға шығу үшін де емес. Тек бір нәрсені еске салғым келді: ерлердің ұлттық образы да – біздің болмысымыздың бір бөлігі. Менің ойымша, біз Қазақстанды жан-жақты көрсете аламыз: нәзік те, айбарлы да, заманауи да, сонымен қатар өз тамырына берік ел ретінде. Келесі жолы ерлердің ұлттық образдары көбірек болса, қуанышты болар едім», – дейді ол.

Шығыс Қазақстан облысының тумасы қазіргі уақытта Нью-Йоркте тұрып, блог жүргізеді.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button