$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
TOP-2Жаңалықтар

144 млрд теңгенің ісі. Жомарт Ертаев қандай шарттармен босады

ІІМ қылмыстық атқару жүйесі комитеті Tizgin.kz порталына берген жауабында экс-банкир Жомарт Ертаев қандай шарттармен босатылғанын хабарлады.

Алты жыл бақылауда болады

Комитеттің мәліметінше, сотталған Жомарт Ертаев сот тағайындаған жазаны толық өтегеніне байланысты бостандыққа шығарылған.

“Сонымен қатар заңнама талаптарына сәйкес, оған алты жыл мерзімге әкімшілік қадағалау белгіленеді. Әкімшілік қадағалау — бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамның жүріс-тұрысына ішкі істер органдары тарапынан заңда белгіленген тәртіппен бақылау жүргізу”, – делінген жауапта.

Жомарт Ертаев не үшін сотталды

2020 жылы 16 қарашада сот Жомарт Ертаевты Bank RBK-дан 144 млрд теңге жымқыру ісі бойынша кінәлі деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен бірге мүлкін тәркілеу және 10 жыл бойы банк қызметімен айналысу құқығынан айыру жазасы тағайындалды. Осы іс бойынша кәсіпкер Бақыт Ибрагим де мүлкі тәркіленіп, сегіз жылға сотталды.

2021 жылы 14 мамырда Ертаевтың, Ибрагимнің және іс бойынша бірқатар өзге сотталған адамның жазасы жеңілдетілді. Дегенмен Ертаев пен Ибрагим қамауда қалды.

2022 жылғы 17 маусымда Ертаевтың тағы бір қылмыстық іске қатысы бар деген ақпарат жарияланған еді.

Back to top button