$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

Қазақстанда корей технологиясымен балмұздақ шығарыла бастайды

Қазақстанда корей технологиялары негізінде балмұздақ өндірісі іске қосылмақ. «Шин-Лайн» компаниясы Оңтүстік Кореяның Sungwon Machinery Co. компаниясымен бірлескен жобаны жүзеге асырады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Келісім Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Оңтүстік Кореяға мемлекеттік сапары аясында жасалған.

Жоба үшін «Шин-Лайн Инжиниринг» компаниясы құрылып, ол корей технологияларын Қазақстандағы өндіріске енгізіп, жергілікті жағдайға бейімдейді. Атап айтқанда, құрғақ глазурьлеу (Dry Coater), жоғары дәлдіктегі сорғы станциялары мен Summer Crunch сериялы өндірістік кешендер қолданылады.

«Біздің міндетіміз – корейлік тәжірибені Қазақстанға әкеліп, өзіміздің инженерлік құзыретімізді қалыптастыру және жоғары халықаралық стандарттарға сай жаңа өнімдер шығару», – деді «Шин-Лайн» президенті Андрей Шин.

Келісім үш жылға есептелген. Жобаға Ауыл шаруашылығы министрлігі де қолдау көрсетеді.

Back to top button