$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

4300 теңгеден арзан тұратын дәрілер бағасын министрлік енді реттемейді

Денсаулық сақтау министрлігі бағасы 1 АЕК-ке жетпейтін дәрілік заттарды мемлекеттік баға реттеу жүйесінен шығармақ, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Баға қалай реттеледі

Ресми дерекке сенсек, министрлік енді мемлекет бағаны барлық дәріге емес, тұрғындарға бағасы қолжетімді болуы маңызды дәрілерге басымдық бере отырып реттейді. Осының нәтижесінде 1 200-ден астам дәрілік зат мемлекеттік реттеуден шығарылады. Ал бағасы нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа сәйкес қалыптасатын көрінеді.

Қымбат дәрі сатылса, қайда жүгінеді

Алайда олардың бағасы бақылаусыз қалмайды. Денсаулық сақтау министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен тізе қосып, дәрі-дәрмек бағасын бақылау тетіктерін күшейтуге ниетті. Ол үшін дәрілерді таңбалау қозғалысын қадағалайтын цифрлық жүйе қолданылмақ.

Бұдан былай дәріханада дәрі белгіленген шекті бағадан қымбат сатылса, тұрғындар бұл туралы DariKZ мобильді қосымшасы арқылы хабарлай алады. Дәрінің бағасы көрсетілген чек пен қаптамасын қоса тіркесе болды.

Back to top button