$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
TOP-2ЖаңалықтарПікір

«Қазақстанда өліп қалуыңа жол бермейді»: ресейлік саяхатшы Қазақстандағы әсерімен бөлісті

Қазақстанда ресейлік саяхатшының бөліскен видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарап жатыр. Саяхатшы Қазақстанға жасаған сапарынан кейін қимастық сезіммен кетіп бара жатқанын айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Қазақстанда мұндай әдемі жерлер бар екенін білмегем»

Саяхатшы Қазақстан бойынша велосипедпен саяхаттау барысында жергілікті тұрғындардың қарым-қатынасы мен жол бойындағы көмегіне ерекше таңғалғанын айтты. Оның сөзінше, Қазақстанда өзін соншалықты қауіпсіз сезінгені сонша, жергілікті халықтан мұндай жылы қабылдауды тіпті елестете алмаған.

«Бүгін Қазақстандағы соңғы күнім. Өкініш сезімімен кетіп барамын. Мен Қазақстанда мұндай әдемі жерлер бар екенін білмеген екенмін. Мен сияқты саяхатшылар бұл елде саяхаттау мүлдем қауіпсіз екенін білулері керек. Қандайда бір елге саяхатқа шығар алдында «Ол жақ қауіпсіз бе? Ол жақта мені өлтіріп кетпей ме?» деп ойлайсың. Қазақстанда өлтірмейді, тіпті өліп қалуыңа жол бермейді», – дейді Влад.

«Бұл жақта көліктер тоқтап, тамақ береді »

Оның айтуынша, бәрі салыстырмалы түрде екенін айтып, жеміс-жидек толы сөмкесін көрсетті.

«Мысалы, Забайкалье асуында дөңгелегім жарылып қалды. Мен есімнен танып қала жаздадым, велосипедті жаяу сүйреп жүруіме тура келді. Сол кезде ешбір көлік тоқтап, қол ұшын созған жоқ. Бұл – жолдағы көлік жүргізушілері үшін қалыпты жағдай. Оларды кінәлап тұрған жоқпын, бірақ Қазақстанда олай емес. Бұл жерде көліктер тоқтап, қол ұшын созып, тіпті тамақ береді. Осыған дайын болуыңыз керек. Қазақстан тұрғындарына осындай кең пейілдері үшін рахмет. Маған ондаған адам көмектесті, әрқайсысына рахмет айтамыншекараға дейін 18 шақырым қалды. Ертең Ресейге кіремін», – деді ол.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button