$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

Қытай билігі елге кіріп-шығу ережелерін өзгертті

Қытай шекарасынан өту тәртібі өзгерді

Қытайда 15 қыркүйектен бастап елге кіру және шығу тәртібін реттейтін жаңа ереже күшіне енді. Енді виза рәсімдеу кезінде немесе шекарада жалған мәлімет берген шетелдіктерге елге кіруге бес жылға дейін тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды Tizgin.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Шетелдіктерге қандай шектеу қойылады

Жаңа құжатта елге кіретін және елден шығатын адамдардың құқықтарын, сондай-ақ мемлекеттің қауіпсіздігін қорғауға бағытталған қосымша шаралар қарастырылған.

«Ережелер елден шығатын және елге кіретін адамдардың заңды құқықтарын, сондай-ақ мемлекеттің егемендігін, қауіпсіздігі мен даму мүдделерін қорғауға бағытталған», – деп мәлімдеді Қытайдың мемлекеттік кеңесі.

Ережеге сәйкес, виза рәсімдегенде немесе шекарадан өткенде жалған мәлімет ұсынған шетел азаматтарына Қытайға кіруге бір жылдан бес жылға дейін тыйым салынуы мүмкін. Сонымен қатар елге кіру және шығу мәселелері бойынша делдалдық қызмет көрсететіндер міндетті түрде тіркелуге тиіс. Заңсыз қызмет үшін 750 доллардан 7500 долларға дейін айыппұл қарастырылған.

Қытай азаматтарының шетелге шығуына да тыйым салынуы мүмкін

Жаңа талаптар Қытай азаматтарына да қатысты. Шетелде құқық бұзған немесе экспорттық бақылау ережелерін сақтамаған азаматтарға елден шығуға алты айдан үш жылға дейін тыйым салынуы мүмкін.

Бұдан бөлек, Қытай билігі жекелеген елдерге баруға байланысты қауіп-қатерлер туралы ескертулер жариялап отырады.

Back to top button