50 жылда ауа температурасы қалай өзгерді: «Қазгидромет» дерегі
«Қазгидромет» үш қаладағы 50 жылдық температура көрсеткіштерін салыстырды.
Астана, Алматы және Шымкентте 2026 жылғы 14 қыркүйекте ауа температурасы осы күннен 50 жыл бұрынғы көрсеткіштерден жоғары болды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері 1976, 1996 және 2026 жылдардағы 14 қыркүйектегі температура көрсеткіштерін салыстырып, мәлімет келтірді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Астанада температура 19,1 градусқа дейін көтерілді
Астанада 1976 жылғы 14 қыркүйекте ауа температурасы түнде +5,3 °C-қа дейін төмендеп, күндіз +13,2 °C-қа дейін жылынған.
1996 жылы ауа райы жылырақ болды. Ең төменгі температура +8,8 °C, ал ең жоғарғы көрсеткіш +18,7 °C болды.
Ал 2026 жылғы 14 қыркүйекте елордада ауа температурасы +9,5 °C пен +19,1 °C аралығында тіркелді.
Алматыда ауа температурасы 30,6 градусқа жетті
Алматыда 50 жыл бұрын, яғни 1976 жылғы 14 қыркүйекте ауа температурасы +4,9 °C-тан +16,2 °C-қа дейін болған.
1996 жылы қалада ауа айтарлықтай жылынып, температура +11,9 °C-тан +27,0 °C-қа дейін көтерілген.
Ал 2026 жылғы 14 қыркүйекте Алматыда ауа температурасы +16,2 °C пен +30,6 °C аралығында болды.
Шымкентте 31,6 градусқа дейін жылынды
Шымкентте 1976 жылғы 14 қыркүйекте температура +5,1 °C-тан +20,4 °C-қа дейін жеткен.
1996 жылы ең төменгі температура +15,7 °C, ал ең жоғарғы көрсеткіш +29,0 °C болды.
2026 жылғы 14 қыркүйекте қалада ауа температурасы +14,0 °C-тан +31,6 °C-қа дейін көтерілді.
50 жылдағы айырмашылық
Осылайша, «Қазгидромет» мәліметіне сәйкес, 2026 жылғы 14 қыркүйекте үш қалада да максималды ауа температурасы 1976 жылғы осы күнмен салыстырғанда жоғары болды.
Ал 1996 жылмен салыстырғанда айырмашылық әсіресе Алматы мен Шымкентте анық байқалды.